IVY СТИПЕНДИЯСЫ/ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ГАРВАРД ПЕН МАССАЧУСЕТС ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖАЗҒЫ САБАҚТАРЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ

Ivy білім беру стипендиясын ұтып алыңыз


Жоғары білім алуды қарастыра отырып, сіз және сіздің отбасыңыз Америка Құрама Штаттарында білім алудың жоғары құнына алаңдауы мүмкін. IVY Standard Educational Consulting көмектесуге дайын. Біз сіздің білім беру шығындарыңызды қаржыландыруды сіз (студент), сіздің отбасыңыз және IVY standard Educational Consulting арасындағы серіктестік ретінде қарастырамыз.

Құрылғалы бері біз қаржысы жоқ студенттердің колледжге түсу жолын жоспарлап, олардың Гарвард, Йель, MIT, UC Беркли және басқа университеттерде оқып және стипендиясына ие болуына көмектесу үшін көп жұмыс жасадық. Қаржылық жағдайы төмен студенттерге көмектесу – біздің миссиямыздың негізгі бөлігі. Әдетте олар қаржылық қиындықтарға байланысты қабылдау кезінде сарапшылардың кеңес беру көмегіне қол жеткізе алмайды. Сондықтан жыл сайын біз кем дегенде бір ақылды, дарынды және мақсат қоя алатын студентті стипендиялық қаржыландырумен қамтамасыз ететін боламыз.

Ivy Standard Educational Consulting стипендиясы Қазақстандағы жоғары сынып оқушыларына беріледі. Степендия иегерлері колледжге түсуге ТЕГІН кеңес беру, тестілеуге (IELTS & SAT) ТЕГІН дайындық, АҚШ-та тұратын оқытушылармен ТЕГІН академиялық репетиторлық қызметі, Үлкен Бостон аймағында ТЕГІН жазғы тағылымдамадан өту үшін толық стипендия алады. Егер IVYS мектептен тыс оқуды жалғастыру қажет деп тапса, степендия иегерлері Үлкен Бостон аймағындағы жазғы колледж бағдарламаларына қатысу үшін қосымша қаржы ала алады. *Жеңілдіктер алушының қаржылық жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін.

IVY Standard Educational Consulting оқу үлгерімі жоғары, көшбасшылық қасиетіне, қоғам өміріне белсенді қызмет көрсете білген үміткерлерге стипендия ұсынады.

Тиісті үміткерлер келесі өкілеттіктерге ие болуы керек:


• Түйіндеме

• Мақсатыңыз туралы мәлімдеме (АҚШ-тағы оқудан қандай артықшылықтар аласыз)

• Ең төменгі орташа баллы 3,9 және/немесе өз сыныбының ең жақсы 5% транскриптісі.

• Көшбасшылық, ұлттық марапаттар, сыныптан тыс жұмыстар немесе қоғамдық жұмыстар сияқты халықаралық марапаттар және/немесе көрнекті академиялық жетістіктер.

• Табысқа жетуге деген құштарлық

• Қиындықтарға қарсы тұра алатын қайсарлық

• Егер Сіздің орта мектебіңізде бар болса, кем дегенде бір IB курсы қажет (Ivy League университеттеріне түсуге жақсы дайындалу үшін және колледжде терең білім алудың берік негізі ретінде оқушы қол жетімді маңызды мектеп сабақтарына қатысуы керек)




Өтініш қалдыру